Dana Bala

Үшбұрыш

Үшбұрыш

Үшбұрыш

Үшбұрыш — үш қабырғасы және үш төбесі бар геометриялық фигура. Оның атауы да «үш» және «бұрыш» сөздерінен шыққан, яғни үш бұрышы бар деген мағынада.

Үшбұрыштың негізгі бөліктері:

Мысалы: үшбұрыштың төбелері A, B, C болса, оны ABC үшбұрышы деп атаймыз.

Үшбұрыш түрлері:

1. Бұрыштарына қарай:

2. Қабырғаларына қарай:

Үшбұрыш түрлері

Есіңде сақта!

Қабырғаларына қарай:

Үшбұрыш түрлері

Бұрыштарына қарай:

Үшбұрыш түрлері

📐 Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы қалай табылады?

Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы тік бұрыш жасап түрған екі қабырғасының көбейтіндісін екіге бөлгенге тең:

Формуласы: S = (a × b) ÷ 2

Мұндағы:
S - үшбұрыштың ауданы
а - бір катеттің ұзындығы
b - екінші катеттің ұзындығы

📐 Үшбұрыштың периметрі қалай табылады?

Формуласы: P = a + b + c

Мұндағы:
P - үшбұрыштың периметрі
a, b, c - үшбұрыш қабырғаларының үзындығы

Тапсырмалар

✏️ 1-ТАПСЫРМА

Үшбұрыштың периметрі 48 см, бірінші қабырғасы 2 дм, ал екінші қабырғасы бірінші қабырғадан 4 см қысқа. Үшінші қабырғаның ұзындығын тауып көр.

Шешуі:

2 дм = 20 см (бірінші қабырға)

20 см - 4 см = 16 см (екінші қабырға)

48 см - (20 см + 16 см) = 12 см (үшінші қабырға)

Жауабы: Үшінші қабырғасы 12 см.

✏️ 2-ТАПСЫРМА

Үшбұрыштың бір қабырғасының ұзындығы 11 см. Қалған екі қабырғасының әрқайсысының ұзындығы одан 3 есе артық. Үшбұрыштың периметрін тап.

Шешуі:

11 см × 3 = 33 см (екінші және үшінші қабырғалар)

P = 11 см + 33 см + 33 см = 77 см

Жауабы: Р = 77 см.

✏️ 3-ТАПСЫРМА

Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 7 см тең. Периметрі 25 см. Үшінші қабырғасын тап.

Шешуі:

7 см + 7 см = 14 см (екі бүйір қабырғасы)

25 см - 14 см = 9 см (үшінші қабырға)

Жауабы: 9 см.

✏️ 4-ТАПСЫРМА

Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын тап.

Тікбұрышты үшбұрыштар

Жауаптар:

S₁ = (4 см × 2 см) ÷ 2 = 4 см²

S₂ = (5 см × 10 см) ÷ 2 = 25 см²

S₃ = (8 см × 10 см) ÷ 2 = 40 см²

S₄ = (4 см × 8 см) ÷ 2 = 16 см²

✏️ 5-ТАПСЫРМА

Үшбұрыш пішінді гүлзардың сызбасын қара. Оның ауданың қалай табуға болатынын ойлан.

Гүлзар сызбасы

Шешуі:

1. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу формуласын қолданамыз: S = (a × b) ÷ 2

2. Бір үшбұрыш үшін: 16 м ÷ 2 = 8 м (биіктік)

3. Бір үшбұрыштың ауданы: (14 м × 8 м) ÷ 2 = 56 м²

4. Екі үшбұрыштың жалпы ауданы: 56 м² + 56 м² = 112 м²

Жауабы: Гүлзардың жалпы ауданы 112 м².

Тақырып бойынша қорытынды

1. Үшбұрыш қабырғаларына қарай неше түрге бөлінеді?

2. Үшбұрыштың қабырғалары: 7 см, 7 см, 5 см. Бұл қандай үшбұрыш?

3. Үшбұрыштың екі қабырғасы тең болса, ол қандай үшбұрыш?

4. Үшбұрыштың бір бұрышы тік болса, ол қандай үшбұрыш?

5. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 5 см. Оның периметрі неге тең болады?