Сәуле — түзу сызықтың бөлігі. Сәуленің басталу нүктесі бар, бірақ оның аяқталу нүктесі болмайды. Мысалы, саған бір ұшы белгілі болатын сызық беріледі, бірақ ол жалғаса береді де, ешқашан тоқтамайды.
Сәулені латынның кіші әріптерімен белгілейміз. Мысалы, a немесе b т.с.с (1 сурет).
(1 сурет)
Кесінді — түзу сызықтың бір бөлігі. Кесіндінің екі ұшы болады. Оларды латынның бас әріптерімен белгілейді. Оның екі шекаралық нүктесі бар, және ол тек сол екі нүкте арасында ғана болады.
Мысалы, A және B нүктелерін қосатын сызық — кесінді. Ол тек A-дан B-ға дейін созылады, әрі ол аяқталады және сол сияқты С ЖӨНЕ D нүктелер (1 сурет).
(1 сурет)
Сынық сызық — басталу және аяқталу нүктелерін көрсететін сызық, бірақ оның соңғы бөлігі жоқ.
Егер, жібек бауды бірнеше бөлікке бөліп (1), келесідей орналастыратын болсақ, онда сынық сызық пайда болады (2).
1
2
Сынық сызық бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден тұрады. Бір кесіндінің аяғы екінші кесіндінің басы болады (2 сурет).
(2 сурет)
Сынық сызықтағы әр кесіндіні буын деп атайды.
Әр буынның ұшы — бұл сынық сызықтың төбесі (3 сурет).
(3 сурет)
Сынық сызық тұйықталған және тұйықталмаған болып екіге бөлінеді (4 сурет).
(4 сурет)
Бұл бөлімде әртүрлі тапсырмалар берілетін болады, сызбаларды толықтай орындауға арналған түсініктемелер.
Түзу, сәуле және кесіндінің айырмашылығы неде? Өз біліміңмен бөліс!
Әли 5 см және 7 см болатын екі кесінді сызды. Ол осы екі кесіндіні бір түзу бойына жалғап қойды. Жалпы ұзындығы қанша см? Кесіндінің бастапқы нүктесі мен соңғы нүктесін дәптерде сызып көрсет.
Суреттен неше сәулені байқауға болады?
Берілген суреттерді қарап, қайсысы кесінді, қайсысы сәуле екенін тап және дәптерге жаз.
Жауабы: а- сәуле; ә- кесінді; б- сәуле
1. Сәуле дегеніміз не?
2. Кесінді дегеніміз не?
3. Сәуле мен кесіндінің ортақ қасиеті қандай?
4. Сәуленің ұзындығын қалай анықтаймыз?
5. Кесінді мен сәуленің белгіленуінде қай айырмашылық бар?