Dana Bala

Тіктөртбұрыш

Тіктөртбұрыш

Тіктөртбұрыш

Тіктөртбұрыш – барлық бұрыштары түзу болатын төртбұрыш.

Тіктөртбұрыштың қасиеттері:

📐 Тіктөртбұрыштың ауданы қалай табылады?

Формуласы: S = a × b

Мұндағы:
S - тіктөртбұрыштың ауданы
а - тіктөртбұрыштың ұзындығы
b - тіктөртбұрыштың ені

Мысал: Ұзындығы 5 см, ені 3 см болса: S = 5 × 3 = 15 см²

📐 Тіктөртбұрыштың периметрі қалай табылады?

Формулалар:
P = a + b + a + b
P = (a + b) × 2
P = 2 × a + 2 × b

Мұндағы:
P - тіктөртбұрыштың периметрі
а - тіктөртбұрыштың ұзындығы
b - тіктөртбұрыштың ені

Мысал: Ұзындығы 6 см, ені 4 см болса: P = (6 + 4) × 2 = 20 см

Тапсырмалар

✏️ 1-ТАПСЫРМА

Тіктөртбұрыштың ауданы 15 см² болса, суретке қарап тіктөртбұрыштың енін тап.

Тіктөртбұрыш

Жауабы: 3 см (15 ÷ 5 = 3 см)

✏️ 2-ТАПСЫРМА

Жалпы тіктөртбұрыштың ауданын тап.

Тіктөртбұрыш

Жауабы: 175 см²

✏️ 3-ТАПСЫРМА

Кестені толтырыңыз:

Ұзындығы (a)Ені (b)Периметр (P)Аудан (S)
4 см2 см??
5 см??30 см²
?11 см?66 см²
12 см??84 см²
Ұзындығы (a)Ені (b)Периметр (P)Аудан (S)
4 см2 см12 см8 см²
5 см6 см22 см30 см²
6 см11 см34 см66 см²
12 см7 см38 см84 см²

✏️ 4-ТАПСЫРМА

Өзің үйде немесе мектепте көрген бір затты ата (мысалы: кітап, терезе). Ол тіктөртбұрыш па? Оның шамамен ұзындығы мен енін жазып, ауданын есепте.

Тіктөртбұрыш

Мысал жауап: Кітап - иә, тіктөртбұрыш. Ұзындығы 20 см, ені 15 см. Ауданы: 20 × 15 = 300 см²

✏️ 5-ТАПСЫРМА

Мұғалім төрт түрлі тіктөртбұрыш сызды. Олардың ұзындықтары: 15 см, 10 см, 12 см, 19 см. Ал ені 3 см. Қай тіктөртбұрыштың ауданы ең үлкен? Аудандарын есептеп, салыстыр.

Жауабы: Ең үлкен аудан 57 см² (19 × 3 = 57 см²)

Тақырып бойынша қорытынды

1. Тіктөртбұрыштың ұзындығы – 10 см, ені – 4 см. Ауданы нешеге тең?

2. Периметрді қалай есептейміз?

3. Ұзындығы – 7 см, ені – 3 см. Периметрі нешеге тең?

4. Қай тұжырым дұрыс?

5. Қайсысы тіктөртбұрыштың периметрі бола алмайды?